Kazakh Lovers Day: Ұят емес” басқосуына шолу

Астана Тостмастерс клубының мүшелері және қонақтары.

Сәуірдің он екінші жұлдызында біз қазақ тілінде арнайы басқосуымызды өткіздік. Біздің клубымыздағы дәстүрлердің бірі – жылына бір рет басқосуымызды ана тілінде жүргізу. Басқосудың тақырыбы: “Kazakh Lovers Day: Ұят емес”. Басқосу Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу ғашықтар күніне орай өткізілді. Бұл мейрам Қазақстанда 2011 жылдан бастап атап өтілуде.

Басқосуымызда үш спикеріміз өзінің алдын-ала дайындаған жобаларымен бөлісті.
Салтанат Таңбаева – №1 жоба – «Той басталды ауылда». Салтанат ағасының үйлену тойына иесі ретінде дайындық үрдісін сипаттады.
Айымгүл Ықыласова – №7 жоба – «Кешігу әдет пе, дерт пе?». Айымгүл өзінің және басқалардың уақытын үнемдеу жайлы сөйледі. Мысалы, Швейцарияда адамдар кездесулерге математикалық дәлдікпен келеді.
Айгерім Сейтенова – №2 жоба – «Ұятмен феномені». Айгерім Қазақстандағы ұятмен феномені туралы сөйледі, жобасының қорытынды бөлімін Абай атамыздың қара сөзімен аяқтады.

Суырып-салма бөлімін білім вице-президенті Сәуле Темірбаева жүргізді. Ол махаббат және Ғашықтар күні туралы 6 сұрақ дайындады. Басқосуымызға келген қонақтар мен клуб мүшелері Басқосу тақырыбына байланысты дайындалған сурып-салма бөлімі сұрақтарына жауап беріп, ой бөлісуге мүмкіндік алды.

Айымгүл Ықыласова «Ең үздік спикер» атағына ие болды. Біздің қонақтар Алмас Тұрақов пен Қуат Тілеужанұлы «Ең үздік суырып салма сөз сөйлеуші» мен «Ең үздік бағалаушы» атақтарымен марапатталды.
Біздің басқосуымызға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. АТС-мен бірге болыңыздар.

Құрметпен,
Алишер Тажинов
Астана Тостмастерс Клубының Қазынашысы
Басқосудың Тостмастері.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *